#
#
Сенбі 21/07/2018

Мусинге қатысты сот үкімі шықты

  • 17.04.2018
  • 0
  • 1071

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 16 сәуірінде Астана қалалық Алматы аудандық №2 соты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты Колпаковтан Ассар KZ ЖШС мүддесі үшін 1 000 000 теңге және жеке кәсіпкер Құлшариевтен 400 000 мың теңге пара алу дерегі бойынша сот үкімін шығарды", - деп хабарлады соттағылар. 

Істің фабуласы бойынша, 2016 жылдың 15 желтоқсанында комитет төрағасының орынбасары Мусин мен Ассар KZ ЖШС директоры арасында жалпы сомасы 4 900 000 теңгеге мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған. Соттың мәліметінше, Мусин Колпаковтан жеткізіп берілмеген тауарды қабылдап алу актісіне қол қойғаны үшін 1 000 000 теңге пара алған. 

"Сонымен қатар, Мусин жеке кәсіпкер Е.Г.Құлшариевтен 2017 жылдың сәуірінде өткен семинарды өткізуге қатысуы үшін "Құлшариев Е." ЖК мүддесін лоббилегені және жоспарланған сатып алуларда оны жеңімпаз деп тану үшін 400 000 теңге пара алған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімімен Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке келу және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталған еді. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар