21 жел, 2016 сағат 08:24

Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті

Депутат Мұхтар Тінікеевтің жүрегі нашарлап ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Қазір мен оған қоңырау шалдым, ол ауруханада. Бүгін оның жоспарлы тексеруден өтуі белгіленген. Оның жүрегі нашарлап жүр", - дейді Глеб Щегельский, депутаттың ауруханаға жатқызылғанын атап өтіп.

Еске салайық, 20 желтоқсанда WhatsApp Парламенттің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайтын адам көрсетілген бірнеше видео тарады. Кадрлардан оқиғаның дастархан басында болғанын көруге болады. Екі ер адам тұрып алып, жанжалдасып жатады. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевке даусы да, өзі де ұқсайтын адам тағы екі ер адамның көзінше біреуден жауап алады. Депутатқа ұқсайтын ер адам әңгімелесушісіне былапыт сөз айтып, соққы жасайды.

Қазіргі уақытта ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеев пайда болған видеоға қатысты пікір білдірмеді. Tengrinews.kz тілшісімен әлеуметтік желіде байланысқан ол видеоның екі жыл бұрынғы екенін ғана атап өтті.

Кейін мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен түсірілген видеоның шамамен қашан түсірілгені белгілі болды.