02 жел, 2016 сағат 12:38

Мұхамедиұлы "Жұлдыз ФМ" радиосының студиясында Beatles әнін орындады

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жұлдыз ФМ" радиосының студиясында Beatles тобының әнін орындады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Ол әйгілі ливерпульдік төрттіктің Yesterday әнін ол "На вершине Тенгри" жобасының қатысушысы Марина Галицкая мен композитор Артур Оренбургскиймен бірге айтты. 

"Таңғы шоу" эфирінде министр өзінің бос уақытында  музыкамен әуестенетінін айтты. "Кей кездері түскі үзілісте де музыкамен айналысуға мүмкіндік туады", - дейді ол. 

 

"Музыкалық аспаптар адамды қанаттандырады. Әсіресе, қандай да бір әуенді, классикалық шығармаларды, халық әндерін орындағанда. Бұл - қажет нәрсе. Бұл кез-келген адамға шабыттанған уақытта немесе бір дүние турасында уайымдағанда жақсы көмек болады. Менің мамандығым - виолончелде ойнау. Онымен қоса, фортепианода, домбырада ойнайтыным бар, дирежорлық етемін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы радиошоудың таңғы эфирінде сұрақтарға жауап бере отырып.


"Жулдыз FM" радиосындағы "Таңғы шоу" эфирі

Сонымен қатар, ол әннің музыкасын жазатынын да айтты. "Мен әуенді жан рақаты үшін, достарым үшін жазамын. Ал, дәл қазіргі уақытта философия мен тарихқа қызығушылығым артып жүр. Алдағы кезеңде біздің қоғамның ерекшелігі, көзқарасы туралы арнайы кітап жазу да ойымда бар", - деді министр.