13 қаз, 2016 сағат 11:18

Мэнни Пакьяоның иығына қазақ шапаны жабылды

КССР-дің атақты бапкері Ғалым Жарылғаповтың немересі Қарағанды тумасы 23 жастағы Әлихан Жарылғапов Vesti.kz тілшілеріне атақты боксшы Мэнни Пакьяоға қалай шапан сыйлағаны туралы айтып берді.

"Мені Мэннидің промоутері оның қарашада Лас-Вегаста Джесси Варгаспен өтетін жекпе-жекгінің алдында өтетін конференцияға шақырды. Мен шапанды баяғыда таңдап қойғам және ұлттық киімімзді оған ұсындым. Ол қуанып кетті, Головкиннің халатын таныды. Ал менеджері келесі жекпе-жекке Пакьяо шапанмен шығады деп қалжыңдады", - дейді Әлихан Жарылғапов.

Еске салсақ, 37 жастағы филлипиндік 5 қарашада Лас-Вегаста жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы 27 жастағы америкалық Джесси Варгаспен жекпе-жек өткізеді.

kaz.tengrinews.kz