10 ақп, 2017 сағат 09:29

Мемхатшы ҚР-ның Польшадағы елшісін жазалау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  ҚР-ның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаевты жазалау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік қызмет, мемқызметшінің әдебі туралы заңбұзушылық. Қорытынды шешім қабылданған соң СІМ сіздерге толықтай хабарлайды", - деді Әбдіқалықова Астанадағы халықаралық форумның үзілісінде.

Еске салайық, кеше мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткен еді.

Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданған болатын.