24 сәу, 2019 сағат 08:16

Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды

Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

12 жасында жергілікті «Пульс времени» газетінде тілші болған. 2016 жылдан бастап «Хабар» арнасында бірқатар бағдарлама жүргізіп келеді.