28 ақп, 2020 сағат 05:33

Марокко Гран Приіне 15 қазақстандық дзюдошы қатысады

Марокко Гран Приіне 15 қазақстандық дзюдошы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Рабатта (Марокко) өтетін әлемдік Гран При кезеңіне қатысады. 6-8 наурыз күндері өтетін додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (60 келі)

Ерлан Серікжанов (66 келі)

Серік Ақылбек (73 келі)

Жансай Смағұлов (73 келі)

Руслан Мусаев (81 келі)

Дидар Хамза (81 келі)

Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі)

Айбек Серікбаев (-100 келі)

Ерасыл Қажыбаев (+100 келі)

Ғалымжан Қырықбай (+100 келі)

Әйелдер:

Әйгерім Әбілқадырова (48 келі)

Ғалия Тынбаева (48 келі)

Анна Казюлина (52 келі)

Севара Нишанбаева (57 келі)

Зарина Райфова (-78 келі)