#
#
Жұма 22/11/2019

Мадрид көшелерін су басты (Видео)

  • 27.08.2019
  • 0
  • 2312

Алапат нөсердің салдарынан Испания астанасы Мадрид көшелерін су басты, деп хабарлайды Euronews.

«Мадридте толассыз жауған нөсер мен бұршақ салдарынан Испания астанасының көшелерін топан су басты», - делінген хабарламада.

Бірнеше автожолда көлік қозғалысы тоқтатылды, судың ағыны көліктерді шайып әкеткен, метро мен әуежайдың жұмысына кедергі келтірілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар дәл мынадай жағдайды алғаш рет көріп отырған көрінеді. Қазіргі уақытта тұрғындар өрт сөндірушілермен бірлесіп көшелерді қалпына келтіруге тырысуда.

Сондай-ақ, youtube-те көшелердің буырқанған өзенге айналған сәтінің видеосы жарияланды.

Қолайсыз ауа райының салдарынан Испанияның 17 өңірінің 14-і зардап шеккен. Метеоагенттік нөсер жаңбыр кейбір аудандарда тамыздың соңына дейін жалғасуы мүмкін деп ескертеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар