30 нау, 2017 сағат 16:24

Қытай провинцияларының бірінде 500 жылдық мумия табылды

ҚХР Хэнань провинциясының Тайкан уезінің құрылыс алаңында Мин әулеті дәуірінде жерленген қабір табылған. Оның ішінде жақсы сақталған мумия болған, деп жазады «Жэньминь жибао» газеті.  

Басылымның дерегі бойынша, мумияның жасы шамамен 500 жыл.

Құлпытастағы жазуға сәйкес, қабірдегі адамның аты - Гу Пу. Ол бақылау бұйрығының бастығы болып қызмет еткен. Мумия Солтүстік Сун әулетінің дәуірінде өмір сүрген танымал шенеунік Гу Цзоның ұрпағына тиесілі, делінген хабарламада.