#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Күрес түрлерінен ӘЧ: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты

  • 20.09.2019
  • 0
  • 541

Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін еркін күрестен 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Нұрислам Санаев кеше жартылай финалда түркиялық Сулейман Атлыдан ұтылып, бүгін қола медальға таласқан болатын. Ол әлем біріншілігінің үшінші орнына таласта сербиялық балуанды ұтып, қола медальға қол жеткізді. Оның еншісінде қола медальмен қатар Токио 2020 Олимпиада ойындарының жолдамасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дәулет Ниязбеков күміс медаль жеңіп алған болатын.

Дәл бүгінгі есеп бойынша Қазақстан құрамасы күрестің үш түрінен (грек-рим, әйелдер және еркін күрестен) екі күміс, төрт қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлденің бірін грек-рим күресінен Қорлан Жақанша қанжығасына байласа, екіншісін еркін күрестен Дәулет Ниязбек еншіледі. Ал қола медальдарды Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнақұлов (екеуі де - грек-рим күресі), Нұрислам Санаев (еркін күрес) және Валентина Исламова (әйелдер күресі) қола медаль алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар