19 там, 2019 сағат 15:15

Кукушкин ATP рейтингінде жоғарылап, жеке рекордына жақындады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын сербиялық Новак Джокович иеленді. Екінші орында – испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші орында швейцариялық Роджер Федерер тұр.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екі сатыға көтеріліп, 44-орынға жайғасты. Айта кетейік, Михаилдің рекордтық көрсеткіші – 39-орын. Александр Бублик төрт позиция жоғалтып, 75-орынға түсіп қалды.

Ал жұптық сында Кукушкин позициясын жақсартты – 147-ден 144-ке көтерілді. Өткен рейтингте 190-орында болған Тимур Хабибулин 188-ге жоғарылады.