28 ақп, 2020 сағат 07:20

Коронавирус: Оңтүстік Кореядан тағы бір лицензиялық жарыс өзге елге ауыстырылды

Академиялық есуден Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтетін лицензиялық Азия чемпионаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы халықаралық есу федерациясысының ресми мәлімдемесіне сүйеніп, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.

Негізгі жоспар бойынша академиялық есуден лицензиялық Азия чемпионаты 27-30 сәуір күндері Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда, Оңтүстік Кореяда коронавирус эпидемиясының жаппай таралуына байланысты халықаралық есу федерациясы аталған жарысты Швейцарияның Люцерн қаласына ауыстыру туралы шешім жасады. Енді академиялық есуден лицензиялық Азия чемпионаты 17-19 мамыр күндері Люцерн қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін коронавирустың таралуынан Оңтүстік Корея Сеул қаласында өтеді деп жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартқан еді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея әлемдегі короновирус тараған елдер арасында Қытайдан кейінгі екінші орында тұр.