07 жел, 2017 сағат 12:35

Көкпар Қырғызстан атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрі - көкпар ЮНЕСКО қорғауындағы материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Ұйымның хабарлауынша, көкпарды бұл тізімге Қырғызстан ұсынған, деп жазады Азаттық.

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт агенттігінің Азаттыққа айтуынша, көкпарды (қырғыздарда - кок-бору) ЮНЕСКО тізіміне қосу туралы шешім Оңтүстік Кореяда өткен материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында қабылданған. Агенттік көкпардың ЮНЕСКО тізіміне енгізілгенін "көп жылдық жұмыстың, оның ішінде дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізудің жемісі" екенін айтады.

Қырғызстан көкпарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы ұсынысты 2016 жылдың 31 наурызында ұсынған.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан ұсынған айтыс (қырғыз тілінде айтыш) ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне алынды.