10 қаз, 2019 сағат 15:31

Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында «қос билік» жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Елбасы «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Әңгіме арасында Нұрсұлтан Назарбаев «қос билік» жайлы сыбысқа қатысты пікір білдіріп, ел Президенті өкілеттігін тапсыру себептерін атады», - деп жазды Айдос Үкібай.

Сұхбат «Хабар» арнасының эфирінен ертең, кешкі сағат 21:30-да беріледі.