18 қаз, 2018 сағат 15:46

Керчьте қаза тапқандар саны өсті

Керчьте колледж студенті жасаған жарылыс пен атыс салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

«Тағы бір бойжеткен көз жұмды. Барлық қаза тапқандар саны 21-ге жетті», - деді агенттіктің дереккөзі.

Еске сала кетейік, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген. Кейін Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз