19 нау, 2018 сағат 12:34

Синоптиктер биылғы жаз қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жаздың алғашқы екі айы салқын болады, жаңбыр көп жауады деген болжам бар. Тек батыс пен оңтүстік өңірлерде ғана жаңбыр нормадан аз жауады. Тамыз айына келетін болсақ, еліміздің батысында ыстық күн райы күтілуде. Ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан бір-екі градус жоғары болады және жаңбыр аз жауады деген болжам бар», - деді «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, ұзақ мерзімді болжамдар әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі екі-үш айдан кейінгі ауа температурасын дөп басып айту қиын.

«Ауа райының ұзақ мерзімді болжамын әзірлегенде біз міндетті түрде статистика әдісін қолданамыз. Сонымен қатар, Дүниежүзілік метеоұйымының құрамына кіретін, озық теxнологиялармен, есептеуіш супер компьютерлермен жабдықталған әлемнің 13 жетекші метео орталықтардың жасайтын жаһандық-маусымдық болжамдарына сүйенеміз. Бірақ ауа райы болжамының ұзақтығы неғұрлым ұлғайған сайын соғұрлым ағаттық та кетіп жатады. Ол атмосфераның ретсіз табиғатына байланысты. Алайда, ауа ағындары үнемі қозғалыста болғандықтан соңғы көртескіштерге әсер ететін көптеген факторлар бар. Сондықтан беріліп отырған маусымдық болжамдарымызды консультативтік болжам ретінде пайдаланғандарыңыз абзал. Бұның барлығы айлық, онкүндік және қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланады», - деп атап көрсетті Г.Ақышева.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында сәуір айындағы ауа райының болжамы да жасалды. Келесі айда аяз болады.