#
#
Жексенбі 25/08/2019

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының үстінен тексеру жүргізіледі

  • 16.04.2019
  • 0
  • 385

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазатомөнеркәсіп»  компаниясының үстінен тексеру жүргізеді. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның жазуынша, әлеуметтік желілерде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірнеше қызметкерінің жалақыларын қысқартуға және разрядын төмендетуге қатысты наразылық білдірген видео-хабарламасы таралған.

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру бойынша нақты фактілер туралы және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша нақты фактілер туралы өтініштері жоспардан тыс тексеруге негіз болады. Аталған фактілерді жоймау азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолдады. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар