25 нау, 2019 сағат 13:14

Қазақстанның бес облысында су деңгейі көтеріледі

Қазақстанның бес облысында су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26-29 наурыз аралығында жауын-шашынға байланысты (көбінесе жаңбыр жауады) болжамға сәйкес Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың күрт еруі, қарғын судың көбеюі, өзендердегі мұздың еруі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі», делінген болжамда.