28 нау, 2020 сағат 18:19

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды

Қазақстанда «SD Family» атты жаңа клуб құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Клубты бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбек құрды. Ол кәсіби футболда «Ордабасы» және «Актобе» командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ, «Қызылжар СК», «Астана-1964», «Бәйтерек» клубтарының жейдесін киген. 

«Енді біз кәсіпқой футбол клубымыз. Мен бақыттан жылап отырмын. Бұл - істің басы ғана екенін түсінемін. Бірақ мен қорықпаймын. Себебі бұрынғыдай жалғыз емеспін», - деп жазды Д.Сыдықбек Instagram-да.

«SD Family» клубы екінші лигада ойын көрсетеді. Биыл онда 21 клуб тартысқа түседі. Олардың көбісі Премьер-лигадағы командалардың фарм-клубтары саналады. Биыл аталған ұжымдар қатарына «Игілік» (Қаратау қаласы, Жамбыл облысы), «Темірлан» (Ордабасы ауданы, Түркістан облысы), «Астана», СДЮСШОР №8, «Қызылжар СК», «Каспий» клубтарының жастар құрамасы қосылды. Былтыр алдыңғы орындардан көрінген СДЮСШОР №8 және «Арыс» клубтары енді бірінші лигада бақ сынайды.