07 ақп, 2017 сағат 08:13

Қазақстанда отандық киноларды көрсететін телеарна ашылмақ

Қазақстанда наурыз айында тек отандық киноларды көрсететін жаңа телеарна пайда болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті. 

«Наурыз айында жаңа «Еларна» кинотелеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды трансляциялайтын болады», - деді министр Үкімет отырысында.