#
#
Жұма 05/06/2020

Қазақстанда қаржы резерві жеткілікті – Президент

  • 11.05.2020
  • 0
  • 166

Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындауымыз керек. Індет көп таралып, экономикалық мәселелер қатты ушығып кеткені рас. Соған қарай, біз дер кезінде шұғыл шаралар қабылдадық. Көптеген мәселе қоғам өкілдерінің белсене қатысуы арқылы шешілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды. Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды. Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін», - деді Мемлекет басшысы. 

Президенттік атап өтуінше, әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. 

«Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда. Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр. 400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр. Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр. Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз. Ең бастысы, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Азаматтардың табысын арттыру. Бизнесті қолдау және оны дамыту. Білім және ғылым жүйесін жетілдіру», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар