19 қаң, 2018 сағат 15:58

Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет күннің күрт суытуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағынан Арктикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде. Осыған байланысты елімізде ескерту жарияланды. 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, кей жерлерде -35 градус қатты аяз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал.

Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градустық қатты аяз болуы мүмкін.