#
#
Жексенбі 21/07/2019

Қазақстан құрамасы УЕФА-дағы өз рекордын қайталады

  • 13.06.2019
  • 0
  • 545

"Астана Арена" стадионында өткен футбол матчында Сан-Мариноны 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген Қазақстанның Ұлттық құрамасы УЕФА ресми ойындарындағы нәтижелі рекордын қайталады, деп хабарлайды olympic.kz.

Бұған дейін 2018 жылы 16 қазан күні біздің футболшылар Ұлттар лигасы аясындағы матчта Андорра командасын 4:0 есебімен жеңіп, осындай жетістікке қол жеткізген болатын. Нәтижесінде, аталмыш екі жеңіс қазақстандық футбол ұйымының УЕФА ресми турнирлеріндегі (2002 жылдан бастап) ең үлкен жетістігі болып тұр. 

Ең қызығы, осыдан 22 жыл бұрын, 1997 жылдың 11 маусымында Қазақстан Ұлттық құрамасы сол кезде АФК (Азия Футбол Конфедерациясы) Лахордағы ойынында Пәкістанды 7:0 еебімен ойсырата жеңіп, ең үлкен нәтижеге қол жеткізген. Дәл осы жеңіс - әлі күнге дейін біздің құраманың ауыз толтырып айтатын ең ауқымды жетістігі.

Естеріңізге сала кетсек, 21 наурыз күні Қазақстан құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңіп кеткен еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР