08 қаң, 2019 сағат 12:01

«Қайрат» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

«Қайрат» футбол клубының бас директоры міндетін атқарушы болып Марат Баймұханов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Марат Баймұханов алматылық клубқа 2015 жылы келіп, төрт жыл бойы команда басшысы, әкімшілік-шаруашылық істер департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубының бас директоры Әлішер Әпсәләмов өз еркімен лауазымынан кеткенін хабарлаған едік.