03 қыр, 2019 сағат 06:11

Қарасай мен Ағынтай батыр туралы фильм жарыққа шықты

«567 Cinema» кинокомпаниясы «Батырлар» атты тың туындының жарық көргенін хабарлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы белгілі режиссер, сценарий жазушы Жайық Сыздықов Facebook-тегі парақшасында жазды. Фильмнің сюжеті Қарасай мен Ағынтай батыр туралы аңыздар негізінде құрылған.

«Туынды қос батырдың аты тарихта не үшін қалғаны туралы баяндайды. Ол прокатқа 28 қарашада жол тартады», - делінген жазбада.

Фильмнің продюсері – Асқар Ұзабаев пен Ринат Сафаров. Сценарийін жазғандар: Асқар Ұзабаев, Жайық Сыздықов, Ғазиз Насыров, Мұхамед Мамырбеков және Шыңғыс Абланов.