15 нау, 2017 сағат 14:58

Қарағанды әкімі Виктор Цойға ескерткіш орнату туралы ұсынысты қолдады

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров әнші Виктор Цой ескерткішінің құрылысы туралы бастаманы қолдады, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қала әкімі бұл бастамаға көзқарасының оң екендігін «Ер Нур & Ника» қазақ-кәріс достастығы қоғамдық қорының президенті Игнатий Тёмен кездесу   барысында білдірді. Осы кездесуде ескерткішті орнату туралы, сондай-ақ Қарағандыдағы Олимпийский көшесіндегі саябақты абаттандыру жобасын жүзеге асыру жайлы меморандумға қол қойылды.

Қарағанды әкімдігі мен қоғамдық қор бірлесе отырып, ҚР Сәулетшілер одағы және ҚР Суретшілер одағының көмегімен осы жобаны іске асыруға конкурс жариялады.