09 шіл, 2019 сағат 14:17

Қанат Ислам әлемдік рейтингке қайта оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21КО) BoxRec.com порталының әлемдік рейтингіне қайта енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпқой бокстағы 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін Қанат Ислам супер орта салмақта 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшы арасында 35-орынға жайғасты. Сондай-ақ, ол өз салмағында қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында көш бастап тұр.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз  доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 14 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.