13 шіл, 2019 сағат 07:09

Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутқа түсірді (Видео)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокста тоғызыншы рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливудта кезекті кездесуін америкалық боксшы Нэйт Хэвенге (9-2, 7 КО) қарсы өткізді. Ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ Дычко екінші раундтқа қарсыласын нокаутқа түсірді.


Сонымен, қазір Иванның кәсіби рингте тоғыз жеңісі бар, ол әлі бірде-бір рет қарсыласынан ұтылып көрген жоқ.

Бұдан бұрын Дычконың менеджері Зия Алиев айтқандай, қазақстандық боксшы биыл кем дегенде үш жекпе-жек өткізеді.