31 нау, 2020 сағат 15:11

Италияда коронавирустан қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Сейсенбі күні Италияда коронавирус инфекциясынан тағы үш дәрігер көз жұмды, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Мессиндегі жалпы дәрігер Гаэтана Тримарчи, Комо маңында орналасқан Сереньодағы кардиолог Норман Джонс және Римде жұмыс істеген гинеколог Роберто Милети коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады FNOMCEO Дәрігерлер Гильдиясы федерациясы. 

Осылайша, COVID-19 жаңа вирусынан көз жұмған дәрігерлердің жалпы саны 66-ға жетті. ANSA агенттігінің хабарлауынша, бүгін Италияның барлық аймағында медицина қызметкерлерін қолдау үшін, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын адамдарына қолдау білдіру үшін коронавирус құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу кезінде тулар түсірілді.

Италия мэрлері ұсынған бастаманы мекемелер, ұлттық және жергілікті билік органдары, сондай-ақ ANSA-ны қоса алғанда, іскер топтар мен ақпараттық агенттіктер қолдады.

Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойыша COVID-19 вирусынан Италияда 11 500 адам көз жұмған.