03 сәу, 2017 сағат 18:56

Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы президентпен көңіл жарастырғаны рас па?

Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты - Фото

Лола Хатамова – Өзбекстанда 1980-90 жылдары аса танымал болған тележурналист. Саяси шолушы, Үндістан тарихын терең білетін маман. 1990-жылдары президент «Ислам Каримовтің көңілдесі» деген өсек елдің түкпір-түкпірінде желдей есіп, жұрт көзінен кетуге мәжбүр болған. Қазір Америкада тұратын журналист сол оқиғадан 25 жыл өткеннен кейін бар шындықты айтып, сұхбат беріпті. Бұл туралы ҚазАқпарат ca-news.org сайтына сілтеме жасап жазды. 

Журналист: Сіздей білікті маманның 90-жылдары жұмыссыз қалуы, телеарна мен мемлекеттік қызметтен себепсіз шеттетілуі ақылға қонбайды. Бұл қалай болды?
 
25 жыл бойы өзім де осы сұрақтың жауабын іздедім. Танымал телерадиожурналист болдым. Хинди тілін 8 жасымнан меңгеріп, Үндістанда білім алдым. 1990 жылдың жазында Үндістанның сол кездегі премьер-министрі Нарасимха Рао Ташкентке келді. Ислам Каримов пен Өзбекстанның бұрынғы вице-президенті Шүкіролла Мирсаидовтың көзінше хинди тілінде 15 минуттық сұхбат алдым. Осы оқиғадан кейін Ислам Каримов мені өзіне шақырып алып, тілді меңгергеніме таңқалғанын айтты. Үш айдан кейін «мендей білімді адам мемлекеттік қызметке керек» екенін айтып, мені Министрлер кеңесінің баспасөз қызметіне шақырды. Теларнадағы жұмысымды қатар жалғастыруға мүмкіндік берді. Бірер айдан кейін Үкіметте өзгерістер болып, Президенттің баспасөз қызметіне келдім. 1991 жылдың сәуіріне дейін барлығы жақсы келе жатты. Телеарнадағы жұмысым да, Президент аппаратындағы қызметім де көңіл толарлық еді. 91-жылдың көктемінде менің Ислам Каримовке тұрмысқа шығатынып туралы өсек желдей есіп кетті. Қайдан, қалай шыққанын өзім де білмеймін. Мен ешқашан президентке ұнауға тырыспадым. Ол отбасылы, ел президенті. Бірақ маған үнемі ерекше назар аударатын. Барлық жиналыстарда маған қарата сөйлеп, пікірімді сұрайтын. Мен қатты ыңғайсызданатынмын. Ол кезде қоғамда ұлтшылдық жік салынған еді. Жұрт президенттің орыс әйелін тастап, маған үйленетінін айтып жүрді. Бірақ менің қорқатын ештеңем жоқ. Менің кінәм де, күнәм де жоқ. Күнәсі барлар қорықсын. Сол кезде саясатта жүрген ер азаматтар саясатта әйелге орын жоқ екенін, телеарнаға қайтқаным дұрыс екенін меңзеді.

Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты - Фото

Журналист: Ислам Каримовтің қазасы туралы ақпаратты қалай қабылдадыңыз?
 
Қайтыс болғандар туралы жаман айтуға болмайды. Бірақ бұл адам маған шынымен де көп жамандық жасады. Кінәсіз күйіп кеттім. Жас баласы бар жалғызбасты әйелге қоқан-лоққы көрсетті. Бірақ қазасын естігенде аядым. 

Журналист: Ислам Каримов қандай адам еді?
 
Шынымды айтсам, жиындарда оны тыңдау қиын болатын. Өзбек тілін білмейтін. Орыс тілінде сөйлегенде де негізгі тақырыптан ауытқып, жиналыс бірнеше сағатқа созылып кететін. Ал қатысып отырғандардың іші пысатын. Қуғынға ұшырағанда қабылдауына кіріп, жеке сөйлеспек болдым. Бірақ ол мені қабылдамады. Сол кісінің маңында жүрген тісқаққан саясаткерлерге бізді ұрыстырып, мені алаңнан алып тастау қажет болған сияқты. Сол себепті өсек таратты деп ойлаймын. Мирсаидов шақырып алып, менің «өз еркіммен жұмыстан кетуім керектігін, себебі соңымыздан ерген өсектің Президенттің абыройына нұқсан келтіретінін» айтты. Басқа қызмет ұсынбағандықтан, телеарнаға қайтаруды сұрадым. Бірақ Мирсаидов «Жоқ, Сіз енді телеарнаға шықпайсыз. Мұны президенттің өзі талап етті»-деді. Содан бастап менің өмірім қатты өзгерді. 25 жыл өтті ғой шындықты айтайын, Ислам Каримов екеуміздің арамызда ешқандай байланыс болған жоқ. Болуы да мүмкін емес еді. Себебі мен ол кісіні басшы ретінде де, ер азамат ретінде де биік бағалай алмадым. Алдында ешқашан жағымпазданған емеспін. 

Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты - Фото

Журналист: Саяси шолушысыз. 25 жылда Өзбекстанда не өзгерді?
 
25 жылдың басты жетістігі  елдегі бейбітшілік пен тыныштық шығар. Бірақ олар бұл үшін үлкен құрбандықтар жасады. Экономика артта қалды. Ол үшін Өзбекстанды көрші Қазақстанмен салыстырсаңыз да болады. Қазақстан әлдеқайда алға озды. Дамыған мемлекеттер қатарында 48-орында, ал біз 148-орындамыз. Қандай айырмашылық бар екенін көріп отырсыз ғой. Каримов экономист болатын. Бірақ мықты экономист болмағанын көрсетеді бұл. 

Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты - Фото