#
#
Дүйсенбі 22/10/2018

Иммунитетті қалай нығайту керек?

  • 06.06.2018
  • 0
  • 756

Қазір менингит сырқаты меңдеп тұрған шақта әрбір адам өз денсаулығына жауапты қарап, мейілінше сақтанғаны абзал. Ақ халатты мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, аталмыш инфекция адам ағзасындағы иммундық жүйе әлсірегенде, яғни иммунитет төмендегенде ағза түрлі инфекцияны іліп алуға бейім келеді дегенге саяды. Қандай жағдайда иммунитетті күшейте аламыз? Қандай амалдары бар? Кәдеңізге жарап қалар деген ниетпен төмендегідей кеңестерді назарларыңызға ұсынып көрейік.

Иммундық жүйе белсенділігінің төмендеу белгілері:

Тез шаршау

Созылмалы шаршау

Ұйқыбастылық немесе керісінше ұйқысыздық

Бас ауруы

Бұлшық еттер мен буын аурулары

Күйзеліс – иммунитеттің басты жауы, уайым мен жаман көңіл-күйден аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше жағымды эмоцияға жақын болыңыз. Десе де, иммунитетті күшейтуді алдымен дұрыс тамақтанудан бастаңыз.

Ендеше иммунитет көтерудің 7 талабы сіздің кәдеңізге жарап қалар:

Иммундық жүйені нығайтуда A, B5, C, D, F, PP дәрумендерінің маңызы зор. Жалпы барлық өсетін тағамдар мәселен құрамы бета-каротинге бай сәбіз, қызыл бұрыш, қауын, қызанақ, асқабақ сынды көкеністер ағазаға аса қажет. А дәрумені мен каротиндер антигендердің соққысына төтеп беріп, иммундық әрекетке жауап берсе, екінші қырынан рак ауруларынан қорғауға қауқарлы.

С дәруменінің басты қайнар көзі – қарақат, итмұрын, цитрус жемістері, шырғанақ, ақжелкен, қышқыл орамжапырақ, лимонда. Ағзада осы дәрумендер жетіспегенде қарсы денелердің қарқыны баяулайды, ал аталған дәрумендер ішкен асыңыз арқылы бойыңызға тараса иммундық жасушалар жеткілікті деңгейде өндіріледі.

В дәрумені шемішке, қара нан, жаңғақ, қарақұмық, саңырауқұлақ, ірімшік сынды тағамдарда бар. Сонымен қоса жаңғақ, шемішке сынды тағамдардағы Е дәрумені жасушаларды түрлі жарақаттардан сақтайды.

Иммуниетті күшейтуге бірден бір пайдасын тигізетін минералдар селен, цинк, магний, кальций, темір, йод, марганец. Бұл минералдар жаңғақтар мен бұршақ тұқымдас шемішкелерде, тұтас жармаларда сондай-ақ шокаладтың құрамында болады. Осы тағамдарды тұтынудан бас тарпаңыз.

Тамақтану

Толыққанды ақуыз: ет, балық, бұршақ тұқымдас дәндер. Ет пен балықты күнде жеуге болады, ал, бадана (фасоль), асбұршақ, жасымық сынды дәндерді аптасына 2 рет тұтынуға болады.

Көкеністер мен жеміс-жидектер: Сәбіз, қызылша, орамжапырақ, бадана, шомыр (редька), қызыл бұрыш, анар, мейіз, қара өрік, сары өрік, алма, қызыл жүзім, мүкжидек, жаңғақ, сарымсақ, пияз, жаңа сығылған шырынды көбірек тұтыныңыз.

Теңіз өнімдері: Балық және теңіз өнімдерінің құрамындағы әлі толықтай сіңбеген майлы қышқылдар ағзадағы қорғаныш қабілетін өте жақсы көтереді. Көп жағдайда кальмар мен теңіз орамжапырағын жеген өте пайдалы.

Калийге бай өнімдер: Картоп пен өріктің, жаңғақ пен қарақұмық сондай-ақ сұлы жармасының құрамында калий бар. Осы тағамдардан тартынбаңыз.

Сүт тағамдары: Сүттен жасалған тағамдарда тірі бактериялар көп. Түрлі биоайрандар мен биойогурттар интерферонды жақсы түзіп береді.

Көк шәй: ағазадағы радионуклидтерді қуып шығудың таптырмас әдісі. Көк шәйді көбірек ішіңіз, бал қосып ішіңіз.

Әсіресе пайдалы тағамдар: күнделікті рационыңызға брокколи, сәбіз, сүт тағамдары мен биоқоспаларды, құлпынай, киви, асқақбақ, албырт (лосось) балығын, жаңғақ, зәйтүн майы, күрке тауық еті, цитрус жемістерін көбірек қосыңыз. Тағамға мейілінше ақжелкен, аскөк, балдыркөк тамырын көбірек қосыңыз. Асқабақты үнемі тұтыну керемет нәтиже береді.

Пробиотиктер   

Ағзадағы пайдалы бактерияларды ұлғайтуға септігін тигізетін тағамдар бар. Олар «пробиотик» деп аталады. Олардың қатарына шалқан тәрізді пияз, сарымсақ, бөрікгүл(артишок) пен банан жатады.

Табиғаттың сыйы

Иммунитетті күшейтуге атсалысатын табиғи әдіске қызылкүрең (эхинацея), адамшөп (женьшень), қызылмия, сермене жатады. Осы шөптердің тұнбасын тұтыну арқылы белгілі бір сырқатты емдеп немесе алдын-алуға болады.

Шынығу

Жүзу, салқын суға түсу, контрасты душ қабылдау ағзаны нығайтуға көмектеседі. Жоғары және төмен температураны алмастырып пайдалану иммундық жүйеге өте пайдалы.

Бұл ретте тұрақты түрде монша мен саунаға барып тұру аса пайдалы. Егер ондай мүмкіндік болмаса қалыпты конрасты душ қабылдауға да болады. Душтан кейін жылдам қарқынмен денеңізді ысқылауды ұмытпаңыз.

Салауатты өмір салты

Физикалық жатығулар иммунитетті нығайтуға өте пайдалы. Мәселен: таңғы жаттығу, аэробика, фитнес, жүгіру, жүзу, жаяу серуендеу, шейпинг.

Осы түрлі жаттығулардың ішінен патша көңіліңіз қалаған түрін таңдап, шұғылдансаңыз еш өкінбейсіз. Десе де ағазаға мөлшерден тыс салмақ салудан аулақ болыңыз, ол иммунитетке зиян.

Тынығу   

Жұмыстан келгеннен кейін диванға жатып, көзіңізді жұмып, терең әрі біркелкі демалу арқылы жақсы дүниелер ойлауға талпыныңыз. Көңіліңіз қаласа баяу етіп әуен қосып, миыңызды тынықтыруға тырысыңыз. Бұл әдіс – күні бойы жиналған шаршау мен күйзелісті басып, иммунитетке тек жақсы қырынан әсер етеді.

Дереккөз: el.kz

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар