12 қар, 2018 сағат 13:42

Жанды дауыста ән салған Иманғали Тасмағамбетов елді тәнті етті (Видео)

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың жанды дауыста ән салған видеосы желіде жария болды.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода Тасмағамбетов танымал композитор Төлеген Мұхамеджанвтың сүйемелдеуімен "Напрасные слова" әнін орындайды.

Жанды дауыста ән салып, көпшілік көзайымына айналған Иманғали Нұрғалиұлына желі қолданушылары ыстық ықыласын білдіріп, жақсы пікірлерін жеткізіп жатыр.