18 қаз, 2019 сағат 12:46

Головкин – Шеремета жекпе-жегі қашан, қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн өзінің клиенті мен польшалық Камил Шеремета арасындағы кездесу 29 ақпанда Чикагодағы Wintrust Arena кешенінде өтуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлады "Ұлт ақпарат"Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз жекпе-жекті 29 ақпанда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Арена бойынша да бірнеше нұсқа бар. Чикагода өткізсек, тамаша болар еді. Шеремета – польшалық боксшы, ал Чикагода оның отандастары өте көп. Сол үшін жекпе-жекті Чикагода өткізу идеясын қолдаймыз»  - деді Хирн.

Сондай-ақ, осыдан біраз күн бұрын қазақстандық боксшының промоутері қазір келіссөздер жүріп жатқанын атап өтті.

«Чикагода Головкиннің беделі өте жақсы деп ойлаймын. Ол әлем чемпиондығына міндетті үміткер Камил Шереметамен кездескісі келсе, онда Чикагоға барудың мәні бар. Нақты айта алмаймын, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Бізді міндеттейтін сияқты. Белбеу жеңіп алсаң, сені атағыңды қорғауға міндеттеп қояды, алайда IBF өйткен жоқ. Соған қарамастан келіссөздер болып жатыр. Шереметаның белбеуге таласқысы келетінін білеміз» деген болатын.