23 там, 2016 сағат 08:33

Геннадий Головкин: Мен шоуға дайындалып жатырмын

- Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Твиттердеге жеке парақшасында британдық боксшы Келл Брукпен өтетін жекпе-жегіне дайындық барысы туралы жазды.

«Мен Брукпен жұдырықтасу үшін күн үзбестен жаттығып жүрмін. Мен шоуға дайындалып жатырмын», - дейді Генадий.

Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.

Осыдан кейін, GGG қараша немесе желтоқсанда тағы бір кездесу өткізбек. Оның ықтимал қарсыластары - Дэниэл Джейкобс, Крис Юбэнк-кішісі және Хильберто Рамирес. 

Ұлт порталы