04 қар, 2019 сағат 06:13

Формула-1: Хэмилтон алты дүркін әлем чемпионы атанды

«Мерседес» командасының британиялық пилоты Хэмилтон мерзімінен бұрын алты дүркін Формула-1 чемпионы атанды, деп хабарлайды euronews.com.

Хэмилтонның финляндиялық командаласы Валттери Боттас мәреге бірінші келген. Дегенмен жалпы есепте Хэмилтон Боттасты басып озды.

Британиялық пилот чемпиондық титулдарының саны бойынша Хуан Мануэль Фанхионы артқа тастады. Ол әзірге тек жеті дүркін әлем чемпионы Михаэль Шумахерден кейінгі орында тұр.

Хэмилтон бұған дейін 2008, 2014, 2015, 2017, 2018 жылдары әлем чемпионы атанған.