29 қаз, 2019 сағат 14:06

Филиппиндегі зілзала 9 адамның өмірін қиып кетті

Бүгін Филиппиннің оңтүстік бөлігіндегі Миндинао аралында жер сілкінісі болып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Manila Bulletin газеті.

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны хабарланған еді. Табиғи апат құрбандарының арасында эвакуациялау кезінде мектеп үйінділерінің астында қалып қойған балалар мен жасөспірімдер бар.

Алдын ала деректерге қарағанда, аралдың әртүрлі бөліктеріндегі инфрақұрылым нысандарына зақым келген. Билік өкілдері зардап шеккендердің нақты санын анықтау үстінде.

Филиппин Жанартаутану және сейсмология институты мәлім еткендей, жер сілкінісінің магнитудасы 6,6 баллды құрады.