13 қаң, 2018 сағат 11:46

EXPO маңында өрт болды (Видео)

Астанада EXPO аумағында декорациялық қуыршақ жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, декорациялық қуыршақтардың бірі өртенген.

"Декорациялық қуыршақтарды демонтаждау кезінде олардың бірінде от тұтанған, өрт аумағы 5 шаршы метр. Тілсіз жау өртке қарсы қызмет мамандары келгенше ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған", - деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.