12 ақп, 2017 сағат 08:54

Есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин өмірден озды

12 ақпанға қараған түні Қазақстанның Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды,  деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген, 1982 жылы Мәскеу экономика-статистика институтын экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин әр жылдары Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, қорғаныс вице-министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2014 жылғы қаңтардан бері ол республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып істеген.

"Құрмет" және III дәрежелі "Барыс ордендерімен марапатталған.