19 нау, 2019 сағат 18:08

Ерлан Баттақовқа ҚР Президентінің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Ерлан Еркінұлы Баттақовқа Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді.    

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.