07 шіл, 2019 сағат 11:59

Ерболат Мұхаметжан Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Журналист Ерболат Мұхаметжан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайлы Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында жазды.

«Достар!

Бүгіннен бастап журналист Ерболат Мұхамеджан БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші ретінде жұмыс атқаратын болады.

Қоғаммен тікелей байланыс және ашықтық орнатуда Ерболат Амангелдіұлы өзінің барлық тәжірибесі мен білімін қолданады деп сенемін», - деп атап өткен министр.