21 сәу, 2019 сағат 21:25

Экзит-полл: Зеленский - 73%, Порошенко 25% дауыс жинады (Видео)

Экзит-полл нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3%​ елдің қазіргі Президенті Петр Порошенкоға дауыс берген. Сайлаушылардың 1,5% екі үміткерді де сызып тастаған немесе бюллетеньді бүлдірген.

Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл - Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Сұлтан бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.

Айта, кетейік, сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті.