30 там, 2018 сағат 14:13

Дзюдошы Дидар Хамза - Азия ойындарының чемпионы

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза 81 келіде чемпион атанды. Ол финалда Иран балуаны Саид Моллаиден басым түсті, деп хабарлайды "Азаттық".

Кездесу барысында Моллаи үш ескерту алып, жеңіс Хамзаға берілді. Моллаи 81 келіде әлемдік рейтингіде бірінші, Хамза 73-орында тұр.

Қазақстан балуаны финалға дейін Масаюки Тераданы (Таиланд), Ууганбатар Отгонбаатарды (Моңғолия), Такеши Сасакиді (Жапония) жеңді.

Қазір Қазақстан 10 алтын, 11 күміс, 34 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Алғашқы ондықта Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Иран, Өзбекстан, Тайпей, Солтүстік Корея, Үндістан және Таиланд келеді.

Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.