07 мау, 2017 сағат 14:27

Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады (Видео)

Қытайлық танымал актер Джеки Чан Астанада Қытайдың кинофестивалін ашып берді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Джеки Чан ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін шырқады. Актер бұл ән отаншылдыққа баулитынын, сондай-ақ, барлық адам өз отанын сүю керек екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Джеки Чанның ән шашуынан кейін Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шығып, «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

Еске сала кетейік, әлем әйгілі актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға аяқ басты. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.