#
#
Жексенбі 08/12/2019

Дронның кесірінен Жапония әуежайы жұмысын тоқтатты

  • 09.11.2019
  • 0
  • 161

Сенбі күні Жапонияның батысындағы Кансай әуежайының ұшу-қону жолағы аспанда пилотсыз ұшу аппаратының (ПҰА) пайда болуына байланысты жабылды, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Бұл – бір апта ішінде қайталанып отырған осындай екінші оқиға. Біріншісі 7 қарашада орын алған, ол күні Халықаралық әуежайдың әкімшілігі дронның кесірінен ұшу-қону жолағын жабуға мәжбүр болды. Соның салдарынан 30-ға жуық рейс кейінге шегерілген.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі полициямен бірге ПҰА қозғалысының траекториясын және оның иесін анықтау үшін бақылау камераларының жазбаларын талдайды. Сондай-ақ, жұма күні билік өкілдерді токиялық Ханэда мен Нариттен кейінгі Жапониядағы тасымал көлемі бойынша үшінші-Қансай әуежайы аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілетіндігін мәлімдеді. Жыл сайын Кансайды 28 млн-ға жуық жолаушы пайдаланады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар