#
#
Жұма 24/01/2020

Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

  • 13.12.2019
  • 0
  • 630

Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Достар, мен, Отаным - Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек , бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік.

Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР