#
#
Сейсенбі 25/09/2018

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаға қатысады (Видео)

  • 12.09.2018
  • 0
  • 1022

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV телеарнасының «PhantaCity» жаңа музыкалық телешоуында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Hunan TV-ның Вейбо парақшасындағы мәліметтерге сәйкес, «PhantaCity» музыкалық телешоуының сегізінші кезеңі бойынша түсірілім жұмыстары 15 тамызда басталған. Ол 14 қыркүйекте эфирден көрсетіледі.

Отандасымыз бұл жобада «Restart My Love» әнін шырқайды.

Айта кетейік, «PhantaCity» - бұл 12 кезеңнен тұратын музыкалық телешоу. Жобаның әр кезеңінде 4 әнші және кино актері орындаушы ретінде шақырылып, 32 күн дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Өнерпаздар 4 түсірілім тобымен бірге 8 минуттық қысқа музыкалық бейнебаян жасайды. Түсірілім барысы көрермендерге тікелей экраннан көрсетіліп, ән жанды дауыста орындалады. Әнші әнді орындаумен қатар, сценарий бойынша актерлік шеберлігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, әр орындаушы үшін тек бір рет ғана өнер көрсету мүмкіндігі берілген.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар