19 ақп, 2020 сағат 08:20

Diamond Princess круиздік лайнерінен 500-ге жуық жолаушы түсірілуде

Сәрсенбі күні дәл қазіргі сәтте жолаушылар Diamond Princess круиздік лайнерінен Жапонияның Йокогама портының жағалауына шығып жатыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Бүгін лайнерде жаңа коронавирустың өршуіне байланысты екі апталық карантин аяқталды.

Сәрсенбі, 19 ақпанда кемеден коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже берген және науқастармен байланыспаған 500 жолаушы шыға алады. Бірінші топта егде жастағы адамдар.

Жалпы, кемеден 3 мыңға жуық адам түседі деп жоспарланып отыр. Жапония министрлер кабинеті хабарлағандай, кемеден адамдарды шығаруға үш күндей уақыт керек.

Сонымен қатар, Жапония билігі лайнердегі барлық жолаушылардан коронавирусқа сынама алынғанын мәлім етті.

Алайда, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған жолаушылар лайнерде біраз уақытқа медициналық бақылауға алынады.

Жағада жолаушыларды автобустар күтіп тұр. Кейбір туристер порттан таксимен кетіп бара жатыр.

18 ақпандағы жағдай бойынша, кемеде 543 жолаушы мен экипаж мүшесі коронавирус жұқтырған. Бұл құрлықтық Қытайдан тыс жаңа коронавирус жұқтырғандар көп шоғырланған жер болып отыр.