14 мау, 2019 сағат 14:22

Демалыс күндері Маңғыстауда 39 градус ыстық болады

Қазгидромет РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында күн райы салқын. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндізгі ауа температурасы - плюс 10...20 градус шамасында.

Мұндай ауа райы Баренц теңізі аймағынан Қазақстанға үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да осындай тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай мен жауын-шашын болады. Бірақ мұнда күн жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбырға қарамастан, күндіз ауа температурасы 25...33 градусқа дейін жылынады. Ал Маңғыстау облысында күн ашық. Өңірде 30...39 градусқа дейін ыстық болады.