#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Демалыс күндері Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауады

  • 13.09.2019
  • 0
  • 766

Синоптиктер 14-16 қыркүйек күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлтты құйын жылжып келеді. Соған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аудандарынан шыққан барикалық жыра әкелетін ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде жел ауытқып, жаңбыр жаууына себепші болады. Ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады, тек Қазақстанның шығысында қатқақ болуы ықтимал.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар