16 нау, 2018 сағат 14:38

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

«Республиканың көптеген аймағы антициклонның ықпалында болады. Бірақ дүйсенбіде Ресейдің еуропалық бөлігінен жауын-шашынды ауа ағындарының жылжуына байланысты солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады. Батыс облыстарда, керісінше, демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, дүйсенбі жауын-шашынсыз болады. 17 наурызда Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады», - делінген хабарламада.